617x500

РБ-51 вакцинасы

РБ-51 вакцинасы патенттелген және оны америкалық «Колорадо Серум» компаниясы өндіреді. РБ-51 вакцинасы сүтті және етті ірі қара мал үшін АҚШ (USDA) Ауылшаруашылығы департаментімен мақұлданған және қолдануға рұқсат етілген. Вакцина Халықаралық Эпизоотиялық Бюромен (ХЭБ) және Еуропалық Одақпен танылған.

РБ-51 вакцинасы

Жұқпалы аурулармен күресудің ең маңызды және болашағы зор әдісі иммунопрофилактика болып табылады. Бүкіл әлем бойынша B. abortus 19 штаммасынан алынған бруцеллезге қарсы тірі вакцина үлкен қолдауға ие болды, ол КСРО, АҚШ және әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылды. КСРО-да ұзақ уақыт бойы  B. abortus 82 штаммасының вакцинасы пайдаланылды

Осы вакциналардың маңызды кемшілігі егілген малдардың қанында шынайы ауру малдардағыдай антиденелердің болуы болып табылады.  

Патогенді  (жануарлар мен адамдардың зақымдануын тудыратын) бруцеллалардың үстінде S-антигендері болады. Бірақ тура осындай  S-антиген вакцина штаммаларының  (№19 және №82) бактерияларында да болады. Сондықтан, жануарларды 19 шт. және 82 шт. вакциналарымен егу барысында олардың қанында S-антигенінен антидене пайда болады. Бұл антиденелер жануарларда КБР (комплементті байланыстыру реакциясы) қан сарысуын зеттеу барысында бір жыл ішінде және бірнеше жыл ішінде  және ИФТ (ИФТ-иммуноферментті талдау – реакциясы КБР-на қарағанда бірнеше есе сезімтал) әдісімен зерттеу барысында байқалады.

 Зерттелетін қан КБР немесе ИФТ-ға оң нәтиже көрсеткен жағдайда, вееринарлық зертхана мамандары оң реакцияның неден туындағандығы: вакцинадан, немесе жануар патогенді бруцеллалармен қағындағын туралы тура айта алмайды. Егер оң реакция вакцинадан туындаған болса, онда жануар сау болып саналады. Бірақ бұл жануардың ауру еместігіне кепілдік жоқ (оң реакция патогенді бруцеллалармен туындауы мүмкін). Онда табында қалдырылған осы жануар басқа жануарларға жұқтыратын болады.

Бірақ егілген мал ауру деп саналып, союға жіберілетін жағдайлар да болуы мүмкін.

Қазіргі қайта құрудан кейінгі жағдайларда мал басының көпшілігі ұсақ шаруашылықтарда тұр және ортақ жайылымда жайылады, облыстар арасындағы малдар көші-қоны күшейді. Мұндай жағдайларда егілген малдарды қадағалау және бұлардың ауру малдар емес,  вакцина жасалған малдар екендігін дәлелдеу мүмкін болмай отыр.

Сату кезінде 82 шт. және 19 шт. вакциналанған теріс нәтиже көрсеткен малдарды сатып алған, бірақ алда бұл малдар ИФТ бойынша бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен жағдайда, фермерлерге қиын болады. Өйткені, бұл малдар вакциналанған атты жамылған, ауру мал болуы да мүмкін.

РБ-51 вакцинасы. АҚШ-та 20 жылдан астам уақыт RB-51 штаммасы негізінде түпнұсқалық вакцина әзірленген. Бұл вакцина 19 және 82 штаммасына қарағанда, өз құрамында S-антиген болмауымен айрықшаланады. Яғни, РБ-51 вакцинасымен егу барысында S-антигеніне антидене құрылмайды. Егер қанды зерттеу барысында КБР немесе ИФТ реакциялары оң болса (S-антигеніне антидене байқалса), онда бұл жануар патогенді бруцеллалармен қағынған.

Яғни, вакцинамен егу тура диагноз қоюға кедергі келтірмейді. РБ-51 вакцинасын енгізу фактісінің өзі де ветзертханаларда пайдаланылатын ешқандай серологиялық реакциямен белгіленбейді, сонымен бірге, малдың жасына, вакцина енгізу тәсіліне және вакциналанған табында бруцеллездің басымдылығына қарай, 65-тен 75-ке дейінгі диапазонда қорғау деңгейімен ірі қара мал табынында иммунитетті қамтамасыз етеді.

РБ-51 вакцинасын қолдану АҚШ-та және Канадада жүздеген миллион малды толық сауықтыруға мүмкіндік берді. Қазір РБ-51 вакцинасы Бразилияда, Мексикада, Аргентинада – көп миллионды мал басы бар елдерде кеңінен қолданылады.

РБ-51 вакцинасы патенттелген және оны америклық «Колорадо Серум» компаниясы өндіреді. РБ-51 вакцинасы сүтті және етті ірі қара мал үшін АҚШ (USDA) Ауылшаруашылығы департаментімен мақұлданған және қолдануға рұқсат етілген. Вакцина Халықаралық Эпизоотиялық Бюромен (ХЭБ) және Еуропалық Одақпен танылған.

Өткізілген тіркеу сынақтарынан кейін, РБ-51 вакцинасы ҚР Ветеринарлық препараттарының реестрінде тіркелген және ҚР АШМ Ветеринарлық қадағалау және бақылау комитетімен қолдануға рұқсат етілген (22.10.2012ж. №РК-ВП-1-2043-12).

РБ-51 вакцинасы бір мәрте қолданылады (жыл сайын қайталама вакциналау талап телімецді). Жануарларды бірінші жылдан  бастап 4-айлық жастан вакциналаған дұрыс, өйткені, жас малдарда иммунитет жақсы оңалады. Ересек малдарды вакциналау рұқсат етіледі. Қайталама вакциналауға да рұқсат етіледі – бұл тек ағзаның иммундық қорғанысын күшейтеді.

Барлық жастағы малдарға вакцинаның РБ-51 – 2мл (1 арластырылған мөлшер) мөлшердегі бірдей көлемі енгізіледі. Тері астына, мойынның төменгі бөлігіне.

Вакцина жасау алдында бруцеллезге қанды серологиялық зерттеу жүргізу қажет.  Тек теріс реакция көрсететін жануарларды ғана егу қажет. 

Назар аударыңыз: РБ-51 вакцинасы бруцеллезге профилактика жасайды, бірақ оны емдемейді. Сондықтан, егер Сіз ауру малға вакцина жасатсаңыз, онда ол ауру болып қалаберед і. Егер Сіз бұрын 19 штаммасымен немесе 82 штаммасымен егілген малға вакцина жасатсаңыз, онда бұрынғы вакциналардың антиденелері жануардың ағзасында болады, және қан сарысуында зерттеудің классикалық әдістері барысында бруцеллезге оң реакция көрсетеді, осымен ауру малдың вакцина жасалған малдан дефиринциациясы қиындайды.

Қарсы әсерлер: іш тастаудың аз ғана ықтимал (1%-ға жуық)  қатеріне байланысты, буаз малдарды терең егуге кеңес берілмейді. Іш тастау қатерінің туындауы 19 шт. және 92 шт. вакциналарда анағұрлым жоғары. Ауру, әлсіреген, қалжыраған малдарды егуге болмайды.