Вакцина РБ-51, RB-51

Вакцина РБ-51 оригинальная вакцина производится на основе штамма B. abortus RB-51. Эта вакцина отличается тем, что в отличии от штамма Brucella abortus 19 и штамма Brucella abortus 82, не имеет в своем составе S-антиген. 

Бруцеллез

Бруцеллез (brucellessis) – жануарлар мен адамдарда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Көптеген жануарларда іш тастаумен және шуы түспеумен, ені қабынумен, өмір сүру қабілеті жоқ төлдердің тууымен және қысырлықпен  байқалады. Бруцеллездің қоздырғыштары 1866 жылы ешкілер мен қойлардың мальта безгегі (Brucella melitensis) ауруына себеп болған ешкі сүтінде табылған бактерияларды анықтаған Д. Брюс атымен аталған Brucella тобы болып табылады. Бруцеллез әлемнің көптеген елдерінде – Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Азия және Еуропаның, оның ішінде ТМД-ның кейбір елдерінде (Украина, Ресей, Қазақстан) кең таралған. Экономикалық зияны дұрыс төл алмаудан (іш тастаулар 60% жануарларда тіркеле алады), қысырлық, өндірімділіктің төмендеуі, карантиндық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын үлкен шығындардан құралады. Адамдардың бұл аурумен ауруы мүгедектікке (буындардың зақымдануы жиі болады) және кейде тіпті өлімге әкеле алады.

Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бруцеллез жөнінде біріктірілген сараптаушы комитеті келесі топтастыруды ұсынады, осыған қарағанда Brucella туыстастығы 6 түрге бөлінеді: Brucella melitensis, Brucella abortus, Brucella suis, Brucella neotome, Brucella ovis, Brucella canis.
 

Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады). Бруцеллездің қоздырушысы әр түрлі дезинфекциялық заттарға сезімтал: 2% карбол қышқылының ерітіндісі мен күйдіргіш натр, лизолдың 3% ерітіндісі хлорлы әктің және хлораминнің 0,2-1% ерітінділері қоздырушыны бірнеше минутта өлтіреді.

Адам бруцеллезінде індеттің негізгі көзі қой, ешкі, сиректеу ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады. Бруцеллез індетінің таралуында адам ролінің эпидемиологиялық маңызы жоқ.
Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады.
Мал өнімдері мен шикізаттарының эпидемиологиялық маңызы көп мөлшерде ластанғанымен айқындалады, сонымен қатар ол бруцелланың түріне, және оның вируленттілігі мен ұзақ уақыт сақталуына байланысты. Мысалы, ластанған сүтте бруцеллалар 10 күннен аса, ішкі ұлпаларда, сүйекте, бұлшық ет пен лимфа бездерінде бір айдан аса, жүнде - 3 ай сақталады.
Адамдар бруцеллезге жанасу арқылы, не аэрогендік жолмен бруцелланың вирулентті өсінімен жұмыс істегенде шалдығады.
Қой мен ешкінің Brucella melitensis түрі қоздыратын адам бруцеллезіне көктем-жазғы маусымдылық тән, ол малдың төлдеуіне байланысты. Бруцеллез адамға ірі қарадан жұққанда маусымдылық соншалықты байқалмайды, ол ауру көбінесе сүт және сүт өнімдері арқылы жұғуына, сонымен қатар сауын мерзімі көпке созылуына байланысты.

Адамның бруцеллезі - ауыр созылмалы індет. Жасырын кезеңі 1-2 аптаға, ал кейбірде 2 айға дейін созылады. Жасырын кезеңнің мерзімі организмге енген микробтардың санына, олардың вируленттігіне және организмнің төзімділігіне байланысты.
Жасырын кезеңнен кейін адамның бруцеллезі жіті түрінде байқалып, дененің қызуы 3-7 күн бойы 39-40 о С көтеріліп тұрады. Дененің қызуы тоңазумен және қатты терлеумен қатар болады. Емді дер кезінде қолданғанда адам сауығып кетеді. Бірақ көбінесе аурудың белгілері ұлғайып рецедивті бруцеллез түрінде байқалып немесе қозғалу аппаратының, жүйке, несеп-жыныс және жүрек-қан жүйесінің зақымдануымен сипатталатын созылмалы процеске ауысып кетеді.
Жануарларда бруцеллездің клиникасы әртүрлі болады. Аурудың негізгі белгісі іш тастау болады, ол кезеңде іш тастаған төлмен, шарана суымен, плацентамен, жыныс органдарының сұйығымен көп уақытқа дейін сыртқы орта ластанады. Бруцеллалар сыртқа ауырған малдың несепімен және сүтімен шығады. Сонымен қатар малдың терісі, қорадағы мал орны, төсеніш, жем-шөптің қалдықтары, құрал-саймандар, мал қора, жайылым және суаттар ластанады. Жануарларда іш тастаудан басқа орхит, бурсит, эндометрит, мастит байқалады. Індет сонымен қатар жасырын түрде өтеді, тек арнайы зерттеу нәтижесінде ғана анықталуы мүмкін.

Бруцеллездің алдын алуы

      Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған:
     1) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;
     2) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;
     3) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.

 Бруцеллезге жаппай тексеру үшін әлбетте әртүрлі серологиялық әдістерді қолданады, олардың ішінде ресми тестілердің нәтижелері ең дұрысы деп саналады. Бруцеллездің диагностикасы үшін ресми тестілер болып комплементі байланыстыру реакциясы (КБР) және иммуно-ферменттік анализ (ИФА) табылады. Ал іш тасталған төлді бруцеллездің антигенін табу үшін биологиялық сынама қойып бактериологиялық зерттеулер жүргізіп тексереді.

Сиырларды (қашарларды), інгенді буаздығына қарамастан, бірақ туғанынан 14 күннен кейін, аналық қойды және мегежінді төлдегенінен 1 айдан кейін, сондай-ақ ұсақ малдың төлдерінен басқа, жас малдарды 4-6 айлығынан бастап тексереді.

Бруцеллезге қарсы егілмеген ірі қара малды және қойды, осы ауруға, вакцинаны қолдану нұсқамасында белгіленген тәртіпте және уақытта тексереді, сондай-ақ осы ауру бойынша жағдайға баға береді.

Оң нәтиже берген малдарды тез арада табыннан оқшаулайды және оларды айқындаған уақыттан бастап 5 күн ішінде етке сояды. Күдікті нәтиже берген жануарлар 15-20 күннен кейін кешенді серологиялық әдістермен қайта зерттеледі. Оң және қайтадан күдікті нәтижелер алынса бруцеллезге диагноз анықталды деп есептеледі және жануарлар етке сойылады.

Ауру мал тұрған қораларға дезинфекция жүргізеді (әрбір ауру мал анықталғаннан соң). Ауырған жануар тұрған қора жайларды дезинфекциялау үшін - хлорлы әктің судағы ерітіндісімен; құрамында 2 процент белсенді хлоры бар немесе ДП-2 препаратымен; формальдегидтің ерітіндісімен (70 процент формалин және 3 процент күйдіргіш натрий); 2 процент күйдіргіш натрийдің ыстық ерітіндісі; 2 процент формальдегидтің ерітіндісі; 0,5 процентті глутарь альдегидтің ерітіндісі; 5 процент техникалық фенолды натрий немесе карбол қышқылы; эстостерил-1 құрамында 0,5 процент мүсәтір қышқылы бар; немесе басқада дезинфекциялық заттар пайдалынады.

Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және зоналарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кіреді.

 

Официальный дистрибьютер
Colorado Serum Company(США) В РК -
ТОО "Б.К. Лайн" г. Астана, пр. Сарыарка 15-74,
Тел.: +7 (7172) 94 92 01, +7 (701) 513 96 21,
+7 (778) 700 85 95, +7 (701) 451 40 53,
+7 (705) 150 60 27.
Факс: +7 (7172) 94 92 01, E-mail: rb-51@mail.ru, info@rb-51.kz

Отправить заявку на заказ вакцины или для консультации

Сертификаты
Разрешения
Регистрационное удостоверение